Мемлекеттік тілді үйренеміз10
- Автор: Super User
- Категория: Образование
Жаңа сөздермен танысыңыздар:
дәстүрлі өнер-традиционное искусство
ән-песня
тарихи-исторический
ойналады-исполняется
зерттеуші-исследователь
халық әндері-народные песни
тұрмыс-быт
тақырып-тема
мазмұн-содержание
ұлттық музыкалық аспаптар- народные музыкальные инструменты
алғашқы- первый
ұйымдасты-организован
ашылды-открыт
басқарушы-руководитель
атындағы-имени
өнерпаздар-таланты
шығармалар-произведении, сочинении
көркемдік жетекші-художественный руководитель
толық метражды- полнометражный
түрлі-түсті- цветной
халықаралық-международный.
Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.
Көппен көрген ұлы той, - Пережитое вместе с народом – великий праздник.
Халық қатесіз сыншы, Народ - безошибочный судья.
(Ғаламтордан ықшамдалып алынды)
Мемлекеттік тілді үйренеміз9
- Автор: Super User
- Категория: Образование
ӘНШІЛІК ӨНЕР
Қазақ халқының дәстүрлі өнеріне ұлттық музыкалық аспаптар домбыра мен қобызда орындалатын халық әндері мен күйлерін жатқызуға болады.
Қазақ халқының әншілік дәстүрлі өнері :Арқа әншілік дәстүрі, Батыс Қазақстан әншілік дәстүрі, Жетісу әншілік дәстүрі, Сыр өңірі әншілік дәстүрі болып бөлінеді. Өнер адамдары ерекше келеді.
Қазақ халқының мерей тұтып, мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерліктері ішінде замана сүзгісінен өтіп, бүгінгі ұрпақтың еншісіне егжей-тегжейлі жеткен ән қазынасы қашаннан дәстүрлі өнердің қаймағы саналады. Дәстүрлі ән үлгілері ежелден ғұрыптық әндер, халық әндері, кәсіби халық композиторлары шығармалары болып, баға жетпес құндылықты құрайды. Қазақтың әншілік өнері жанрлық сипаты жөнінен алуан түрлі. Қазақтың фольклор танушылары мен музыка зерттеушілері қазақтың дәстүрлі ән өнерін тұрмыс –салтқа байланысты ғұрыптық әндер, халық әндері және кәсіби әндер деп жіктеп қарастырып жүр.
Ғұрыптық әндердің өзі – бесік жыры, тойбастар, беташар, жоқтау, көрісу, сыңсу, жар-жар, жарапазан болып, тармақталса, әншілік өнердің кең өріс алған кезінде пайда болған кәсіби ән өнері- халық әндері (анонимды-авторлық) және кәсіби халық композиторларының әндері болып саналады.
Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. XIX ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.
СӨЗДІК
дәстүрлі өнер-традиционное искусство
ән-песня
тарихи- исторический
ойналады - исполняется
зерттеуші- исследователь
халық әндері- народные песни
тұрмыс-быт
тақырып-тема
мазмұн-содержание
ұлттық музыкалық аспаптар - народные музыкальные инструменты
Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.
Бақытыңды жоғалтқан жерден іздеме. - Никогда не ищите свое счастье там, где вы его однажды потеряли.
(Ғаламтордан ықшамдалып алынды)
Мәтінді оқыңыздар, көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын жалғаңыздар
- Автор: Super User
- Категория: Образование
Мемлекеттік тілді үйренеміз
Прочитайте текст, вместо многоточия соедините зависимые союзы.
Отбасы - әр адамның алтын ұя...... «Отбасы – мемлекеттің кіші «моделі» деуге болады. Отбасында белгілі дәстүрлер болу керек. Бұл отбасы үшін өте маңызды. Менің ат.... . Отбасы.... үлкен. Ата-әже...., әке-шеше.... бар. Апамның аты – Шынар. Бір қыз....., екі ұл... бар.
Біздің үйдің салт-дәстүр... бойынша әр сенбі сайын кең дастархан басында отбасымыз бен туысқандарымыз жиналып әңгімелесеміз. Алыс-жақындағы туыстар....мен хабарласамын. Маған осындай басқосулар ұнайды, себебі мен туысқандарымның жағдайын біліп, өзіммен болған қызық оқиғаларды айтып беремін. Отбасы...да туған күн әрдайым тойланады.
Менің ой....ша, отбасының дәстүрлер... отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады.
Біз мықты отбасылық қарым-қатынастардың құндылығын бағалауымыз керек.
Сөздік
қазақ халқында – у казахского народа
некеге қатысты- согласно браку
ежелден келе жатқан – с давних времен
әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері – обычаи и традиции
өзгешелік – особенность, различие
үйрету – учить, обучать, научить
өнегелі – примерный, образцовый
дәстүрлі – традиционный
тәрбиелі – воспитанный
қамқор – заботливый
сыпайылық – скромность, вежливость
қонақжай – гостеприимный
парасаттылық – разумность, рассудительность
маңыздылық – важность, значительность
мемлекеттің іргетасы- основа государства
Мақалды оқып, жаттап алыңыз. / Прочитайте пословицу, выучите ее.
Дос басыңа іс түскенде танылады. Друг познается в беде.
Ел іші — алтын бесік. Родная земля – золотая колыбель.